Choose a Language:
 
Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!
2013 жылғы  06 мамыр  күнгі - Астана қ. физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде таңертеңгі жиын 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне арналды.     
Таңертеңгі жиын Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды еске алу үнсіздігімен басталды. Жоғарғы сынып оқушылары театрландырылған хареографиялық қойылымда соғыстың басталған күнінен бастап жеңіс күніне дейінгі оқиғаларды сомдады. Жеңіс күніне арналған безендірулер, оқушылардың әскери киінулері аталған жиынның басты ерекшелігі болып табылады.

 
2013 жылғы  22 сәуірде Астана қ. физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде таңертеңгі жиын Халықаралық кітап және авторлар күніне арналған шағын қойылыммен басталды. Жоғары сынып оқушылары әлемге әйгілі ұлы ақындарды сомдады. Олар: Кітап патшайымы, Абай Құнанбаев, Александр Пушкин, Ганс Христиан Андерсен.  Ұлы ойшылдар кітап туралы  нақыл сөздерін қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқушыларға айтты. Ал, Кітап патшайымы болса, жас жеткеншектерді кітап оқуға шақырды. 
Қойылымды сомдағандар: Кітап патшайымы – Шөжен Ақжан 12 а сынып, Абай Құнанбаев – Қалын Дарын 11 а сынып, Александр Пушкин –  11 с Жаксығали Фараби, Ганс Христиан Андерсен – халықаралық оқытушы Грэм Аллен.  
 
Picture
2013 жылғы 8 сәуір айынан бастап «Физиктардің портрет галереясы» атты біздің кітапханамызда физика және информатика апталығына арнайы кітап көрмесі жасалған.  Бұл кітап көрмесінде ұлы физик ғалымдардың жетістіктерін, ғылымда ашқан жаңалықтарымен таныс бола аласыздар.


 
 
Picture
2013 жылғы 1 сәуірде Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде   АҚШ елшілігінің өкілі Жанар Кулжаевамен кездесу өтті. Кездесуде Жанар Кулжаева eLibraryUSA электрондық кітапхана туралы ақпаратты  презентация түрінде көрсетті. eLibraryUSA кітапханасын қолдану,  оның қызметтері, мәліметтер базасына ену ережелерімен таныстырды.


 
 
Picture
14 -18 наурыз аралғында біздің мектебімізде «Оз елінің сиқыршысы» атты музыкалық қойылым ағылшын тілінде өткізілді. Қойылымның негізгі кейіпкерлері: Избасар Назира  9"A" – «Дороти», Махметкаримов Ерназар  11"D"- «Қарақшы»,  Аргинбеков Алишер  11"D"- «Темір адам», Омарова Самал 11"D"- «Арыстан»,  Пахритдинова Адема 11"D"-жүргізуші, Тулегенова Леила 7"D"- Глинда «Жақсы сиқыршы», Утеува Алия  11"C"- «Мыстан»,  Кенес Аитуар 9"C"- «Оз елінің сиқыршысы»,  көмекшілер: Орынбаев Баглан, Бакытжан Дастан, Жаксылыков Багдаулет - 7"C . 

Қойылымды оқушылар, ата-аналар және мектеп қызметкерлері тамашалады.




 
 
Picture
  2012 жылдың 29 қарашасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Жас ұрпаққа Ұлттық мұрағат қорларынан  тақырыбындағы арнайы көрме залының тұсау кесері өткізілді. Бұл іс-шара ФМБ НЗМ 11 А, 11 В сынып оқушылары, тарих пәнінің мұғалімі Д.М. Тұрарбеков, кітапхана меңгерушісі А.Н Досова және ҚР ҰМ қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. "Ел тірегі Елбасы" атты бірлескен жоба тақырыптары өте қызықты әрі күрделі болды. Қысқа метражды деректі фильм көрсетіліп, көрме қонақтарымен «Көшбасшы бойындағы қасиеттер», «Н.Ә.Назарбаевтың саясаттағы туындылары» тақырыптарында сұхбат жүргізілді, оқушылардың топтық жұмыстары презентация түрінде ұсынылды.

«Ел таныған Елбасы», «Елбасына хат» т.б. тақырыптарда оқушылардың жазған эсселеріне қорытынды жасалып, марапаттау рәсімімен аяқталды.



Picture
«Білім көзі - кітап» атты акция

 Бірінші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай біздің кітапханамызда 20-29 қараша аралығында «Білім көзі - кітап» атты акция өткізілді. Қайырымдылық акциясына ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер белсене қатысты.  Нәтижесінде 343 кітап жиналды, оқушылар сыйға берілген кітаптар арасына өз жылы лебіздерін жазып, Малотимофеевка ауылындағы №40 бастауыш  мектебіне тапсырды.  Сонымен қатар ФМБ НЗМ  оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, қызықты ойындар өткізді. Осы іс-шараға үлес қосқан ата-аналар мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз!


 
Picture
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай кітапханада кітап көрмесі өткізілді. Аталған іс-шара мектеп оқушыларына ұлттық идеяны қалыптастырған, еліміздің іргесін қалаған, әлеуметтік әділ және барша халықтың экономикалық әл-ауқатын жақсарту идеяларымен өз халқын тәуелсіз, және саяси тұрақты Қазақстан құруға жетелеп келе жатқан Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаянының қызықты кезеңдерімен таныстыру. Көрме бірнеше бөлімдерден құралды, олар: Ұлт Көшбасшысының өмірбаяны, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, тәуелсіз Қазақстанның     құрылуына   арналған таңдаулы шығармалар мен кітаптар