Choose a Language:
 
Picture
  2012 жылдың 29 қарашасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Жас ұрпаққа Ұлттық мұрағат қорларынан  тақырыбындағы арнайы көрме залының тұсау кесері өткізілді. Бұл іс-шара ФМБ НЗМ 11 А, 11 В сынып оқушылары, тарих пәнінің мұғалімі Д.М. Тұрарбеков, кітапхана меңгерушісі А.Н Досова және ҚР ҰМ қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. "Ел тірегі Елбасы" атты бірлескен жоба тақырыптары өте қызықты әрі күрделі болды. Қысқа метражды деректі фильм көрсетіліп, көрме қонақтарымен «Көшбасшы бойындағы қасиеттер», «Н.Ә.Назарбаевтың саясаттағы туындылары» тақырыптарында сұхбат жүргізілді, оқушылардың топтық жұмыстары презентация түрінде ұсынылды.

«Ел таныған Елбасы», «Елбасына хат» т.б. тақырыптарда оқушылардың жазған эсселеріне қорытынды жасалып, марапаттау рәсімімен аяқталды.



Picture
«Білім көзі - кітап» атты акция

 Бірінші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай біздің кітапханамызда 20-29 қараша аралығында «Білім көзі - кітап» атты акция өткізілді. Қайырымдылық акциясына ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер белсене қатысты.  Нәтижесінде 343 кітап жиналды, оқушылар сыйға берілген кітаптар арасына өз жылы лебіздерін жазып, Малотимофеевка ауылындағы №40 бастауыш  мектебіне тапсырды.  Сонымен қатар ФМБ НЗМ  оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, қызықты ойындар өткізді. Осы іс-шараға үлес қосқан ата-аналар мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз!


 
Picture
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай кітапханада кітап көрмесі өткізілді. Аталған іс-шара мектеп оқушыларына ұлттық идеяны қалыптастырған, еліміздің іргесін қалаған, әлеуметтік әділ және барша халықтың экономикалық әл-ауқатын жақсарту идеяларымен өз халқын тәуелсіз, және саяси тұрақты Қазақстан құруға жетелеп келе жатқан Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаянының қызықты кезеңдерімен таныстыру. Көрме бірнеше бөлімдерден құралды, олар: Ұлт Көшбасшысының өмірбаяны, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, тәуелсіз Қазақстанның     құрылуына   арналған таңдаулы шығармалар мен кітаптар